• Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының құтпагері АҚШ, сионистік режим мен Сауд Арабиясының аймақтық және халықаралық деңгейде Иранға қарсы бір келісімге келуді көздеп отырғанын баяндап: "Вашингтон, Тель-Авив пен Рияд исламдық Иранның дамуына ашу танытып отыр",- деді.

Аятолла Мұхаммад Әли Мовахеди Кермани осы аптадағы Теһран жұма намазының құтпаларында ислам революциясының дамуына тоқталып: "Иран дұшпандардың қастандық әрекеттеріне қарамастан өзінің әртүрлі салалар бойынша ілгерілеуін жалғастырады",- деп баса айтты.

Аятолла Мовахеди Кермани сондай-ақ Иранның Тәртіп сақтау күштерінің үш қызметкері мен Басидж күштерінің екі мүшесінің шәһид болуына соқтырған Теһранның Пасдаран көшесінде орын алған қылмысты айыптап, Сот билігінің осы қылмысты жүзеге асырушыларға қатаң жаза қолдануын сұрады.

Теһран жұма намазының имамы Теһран-Ясудж ұшағы апатында қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтып, оларға Алладан сабыр сұрап, қаза болғандардың күнәларының кешірілуін тіледі.

Аятолла Мовахеди Кермани жауапты тұлғалардың Иранның батысындағы Керманшаһ облысында болған зілзаладан жапа шеккендерге жағдай жасау үшін жасап жатқан талпыныстарына алғыс білдіріп, оларға көбірек көңіл бөліп, қиындықтарын шешу қажеттігін қуаттады.

 

 

Feb 24, 2018 16:58 Asia/Almaty
Сараптама