• Рухани: Иран – аймақтағы демократияның көшбасшысы

ИИР-ның президенті Иран халқын өркениет қалыптастырушы, өркениеттерді тәрбиелеуші және аймақтағы демократияның көшбасшысы деп атады.

Иран президентінің ақпарат тарату торабының мәліметі бойынша, ИИР-ның президенті Хасан Рухани сенбі күні Хорезми халықаралық 31-фестивалінің жабылу салтанатында сөз сөйлеп, Иранның тарих бойында өркениеттің, ғылым мен білімнің ошағы болғанын айтып: «Университет әрдайым саяси және әлеуметтік өзгерістерде негізгі рөлді атқарды» деді.  

Рухани Хорезми халықаралық фестиваліне ғалымдар мен зиялы қауым өкілдерінің қатысуына ризалық танытып: «Иран – исламнан бұрынғы және кейінгі екі кезеңде де ғылымның өндірісі мен дамуында және адамзат өркениетін қалыптастырып, тәрбиелеуде құнды рөл атқарған ел. Исламнан бұрын ежелгі Иранда данышпандар мен ойшылдар, өнерпаздар, сәулетшілер мен үлемдер сол кездегі Мысыр, Қытай, Грекия сынды үлкен әрі ежелгі өркениеттермен бәсекелесе алатын өркениет қалыптастырып, Иранды ой мен сөз, бағдарлама мен ғылым және білім орталықтарына ие үлкен елге айналдырды»  деді.  

Рухани исламнан кейінгі екінші кезеңді сипаттағанда: «Негізінен ислам өзінің ізбасарларын білім мен ғылымға шақырып ғана қойған жоқ, бұл дін оқуға бұйырумен басталды. Ислам - ғылым мен білімге артықшылық сыйлап, оны артық санайтын дін.  

Иран – демократияға ие болған аймақтағы алғашқы ел, сайлау өткізуде көшбасшы. Иран әлемдіктерге діни демократия үкіметінің үлгісін ұсынды» деп қуаттады.

 

 

Тегтер

Feb 24, 2018 21:32 Asia/Almaty
Сараптама