• Ғасеми: Ұлыбритания үкіметі Йемен соғысында басқыншыларға қолдау көрсетуде

Иран СІМ-нің баспасөз хатшысы "Ұлыбритания үкіметінің Йеменде соғысты тоқтату туралы ұрандатқанымен, басқыншыларды қолдау үшін халықаралық механизмдерді жақтап отыр» деді.

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Баһрам Ғасеми дүйсенбі күні республикалық және шетелдік тілшілермен өткізген баспасөз отырысында Иран Телерадио ұйымы шетелдік торабының «Хабар және сараптама» бас кеңсесі тілшісінің Иранның Ұлыбританиядағы елшісінің Теһран мен Лондон Йеменде соғысты тоқтатуға қатысты ортақ пікірге ие деген сөзіне қатысты қойған сұрағына берген жауапта Иран СІМ-нің саяси істер бойынша орынбасары Сейед Аббас Аракчидің Ұлыбритания сапарында әртүрлі мәселелер төңірегінде, соның ішінде Йемендегі соғыс туралы сұхбаттасқанын, Йемендегі соғысты тоқтатуға көмектесу үшін қолдағы мүмкіндіктерді пайдалану үшін талпыныс жасалып жатқанын айтты. Ұлыбритания «Иран Йеменге қару жіберу туралы санкцияны бұзды» деген уәжбен Ұлыбританияның ұсыныс қарарының жобасы туралы сұрағына: «Ұлыбритания үкіметі әділетсіз қатынас көрсетуде. Бұл ел шапқыншыны қолдау үшін халықаралық механизмдерге жақтасуда» деді.

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Иран мен Түркияның түрік әскерилерінің Сирияның солтүстігіне енуіне қатысты пікір қайшылығы мен Африндегі соғыстың жалғасуына сілтеме жасап: «Иран мен Ресей және Түркия басшыларының өткен күндердегі сұхбатында үш ел басшылары мамыр айында Түркияда кездесіп, СІМ-лері де Астана үдерісі бағытында келіссөз өткізетін болып келісті» деді.

 

Feb 26, 2018 19:22 Asia/Almaty
Сараптама