• Рухани: Иран өзінің қорғаныстық әлеуеті туралы келіссөз өткізбейді

Иран Ислам Республикасының президенті Иранның зымыран және өзінің қорғаныстық-әскери құрал-жабдықтарын жасау үшін ешкімнен рұқсат сұрамайтынын, ешкіммен келіссөз жүргізбейтінін баса айтты.

Хасан Рухани сәрсенбі күні Иранның оңтүстігіндегі Бандар-Аббас халқымен кездесуде Иранның дос, көршілес елдермен аймақта қауіпсіздік орнату үшін серіктестік жасауды құптайтынын айтып: «Таяу Шығыс аймағының қауіпсіздігі бөгде елдерді қажет етпейді» деп қуаттады.

Рухани Американың өткен бірнеше айдағы Иран халқына соққы беру мақсатындағы талпыныстарына сілтеме жасап: «Америка Иранға соққы беруде оқшау қалды. Барлық еуропалық елдер мен әлемнің көптеген елдері Американың бұл әрекетін айыптады» деді.

ИИР-ның президенті Ресейге БҰҰ Қауіпсіздік Кеңестіндегі ұстанымы үшін алғыс айтып, Америка мен Ұлыбританияның әрекеттерін айыптап: «Дүйсенбі күні кешке Америка БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Йемен мәселесі бойынша Иранды айыптамақ болғанымен, тағы да жеңіліс тапты» деді. Рухани әлемдіктерге: «Егер Йемен халқын ойласаңыздар, қирататын бомбаларды Арабстанның ықтиярына бермеңіздер. Йеменнің мұқтаж, соғыстың зардабын тартып жатқан халқына дәрі-дәрмек пен азық-түлік жеткізу үшін жолды ашсын деп саудиялықтарға қысым жасаңыздар» деді.

 

Тегтер

Mar 01, 2018 03:21 Asia/Almaty
Сараптама