• Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының имамы: "Иран қорғаныстық және тежегіш қуаты саласында қорғаныстық құрал-жабдықтарды, соның ішінде зымыран жасау ісін одан әрі жалғастырады. Иранның бұл әлеуеті ешқашан талқыланбайды",- деді.

Аятолла Ахмад Хатами осы аптадағы Теһран жұма намазының құтпаларында ИИР басшыларының  елдің қорғаныстық әлеуетін күшейту қажеттігін қуаттағанына алғыс білдіріп: "Иран бұл салада ешбір елден рұқсат сұрамайды. Сондықтан  өзінің тежегіш қуатын арттыруға бар күшін салады",- деді.

Теһран жұма намазының имамы сөзінің жалғасында Сауд Арабиясының Йемендегі қылмыстарына сілтеме жасап бұл елді «күнәсіз халықтың өлім мекені» деп атап: "Сауд әулеті режимі Йеменнің мазлұм халқына ауру, жұт пен ашаршылық қаупі төніп тұрғанда оларды өлтіріп, қылмыс жасауын жалғастыруда",- деп мәлімдеді.

Аятолла Хатами Бахрейнді әлемдегі ең ірі саяси зындан деп атап: "Бахрейн осы мемлекеттің тақуа халқы үшін алып зынданға айналған. Күн сайын бахрейндік жастар өлім жазасына, өмірлерінің соңына дейін абақтыға қамалып, ұзақ жылдарға бас бостандығынан айрылу жазаларына кесілуде",- деді.

Теһран жұма намазының құтпагері сондай-ақ, Мьянманың мыңдаған мұсылманының буддалық әсірешілдердің қолынан өлтіріліп жатқанына тоқталып, БҰҰ, БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі ұйымдар мен халықаралық гуманитарлық қауымдастықтардан өлім мен қылмыстың жалғасуына жол бермеуді сұрады.

 

 

Mar 03, 2018 13:51 Asia/Almaty
Сараптама