• Зариф еуропалық басшылардың АҚШ-тың қысымдарының ықпалына түсуін сынады

Иран Сыртқы істер министрі еуропалық басшылардың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын іске асыруға қатысты кейбір сөздері мен әрекеттерін және олардың АҚШ-тың қысымдарының ықпалына түскенін сынады.

Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні Франция Сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дрианмен Теһрандағы кездесуінде: "Жан-жақты келісім саналатын және Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің 10 мәлімдемесімен Иранның оған  табандылығы расталған "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы қазір америкалықтардың қисынсыз және саяси ойындарының құралына айналды. Еуропа өз міндеттемелерін іске асыруымен бірге АҚШ-ты "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындауға қысым көрсетіп, өз міндеттемелерінен бас тартқызбаудың орнына қисынсыз және заңсыз талап-тілектерін баяндауда",- деді.

Иран Сыртқы істер министрі өз елінің зымырандық күш-қуатын "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына, тіпті, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарына қатысы жоқ деп  атап: "Қаруларын сатып, аймақты қару қоймасына айналдырған АҚШ пен басқа үкіметтер бұл әрекеттерін тоқтатуы керек",- деп қуаттады.

Франция Сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дриан да бұл кездесуде: "Франция "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы іске асырылуы үшін көп талпыныс жасады. Соның ішінде Иранның көлік өнеркәсібі мен энергетикасы мен Ирандағы ортақ жобаларға инвестиция салуын, сауда ынтымақтастықтарына сенімділік тудыруын атауға болады",- деді.

 

 

 

 

Тегтер

Mar 06, 2018 15:46 Asia/Almaty
Сараптама