• Рухани:

ИИР Президенті аймақтың қауіпсіздігі мен тұрақтылығын және ынтымақтастықтарды арттыру үшін "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтау қажеттігін қуаттап: ""Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының іске асырылмауы баршаны өкіндіретін жайт болады",- деп баса айтты.

Хасан Рухани  дүйсенбі күні Теһранда Франция Сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дрианмен кездесуінде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын келіссөздерге қатысқан барлық тараптар үшін сынақ деп атап: "Аталмыш келісімнің іске асырылуы әлемге келіссөздер мен дипломатияның проблеманы шешетін ең жақсы жол екенін, оның бұзылуы саяси келіссөздердің уақытты босқа кетіру екенін дәлелдейді. Иран еш уақытта "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын бірінші бұзбайды. Бұл келісімді аймақтық және халықаралық сенімділік пен тыныштықты, ынтымақтастық пен тұрақтылықты арттыру үшін әсерлі санайды",- деді.

Рухани лаңкестікті толық жоюмен күресуді және  Сирия халқына көмектесуді Иран мен Франция ынтымақтастықтарының басты мәселелері деп атап, Дамасктің орталық үкіметін нығайтудан басқа Сирия дағдарысын шешетін жолдың жоқтығын қуаттады. 

Франция Сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дриан де кездесуде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының сақтау қажеттігін қуаттап: "Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің есептері Иранның өз міндеттемелеріне табанды екенін көрсетеді. Сондықтан, Франция "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының іске асырылуы үшін барынша талпыныс жасайды. Еуропа Иранның ядролық келісімін аймақтың қауіпсіздігі мен тұрақтылығын арттыру саласындағы маңызды құжат санайды. Иран мен Франция аймақтың қауіпсіздігі мен тұрақтылығын нығайту және аймақ елдерінің гуманитарлық апатқа тірелуінің алдын алу салалары бойынша ынтымақтастық жасай алады",- деді.

 

 

Mar 06, 2018 15:58 Asia/Almaty
Сараптама