• Ислам революциясының жетекшісі: Жауапты басшылар қалалардағы ағаштардың жойылуының алдын алуы керек

Ағаш егу күні мен Табиғи қорлар апталығына орай Ислам революциясының жетекшісі жеміс ағашының екі көшетін екті.

Хазірет аятолла Хаменеи содан кейін сөз сөйлеп, Ағаш егу күні мен соған қатысты шараларды елдің барлық жеріндегі берекелі рәсім деп атап, өсімдіктер, ормандар мен шалғынды жерлердің ауа мен суды сақтаудағы маңыздылығына тоқталып, өмір сүру ортасын көріктендіріп, адамға пайдалы өнімдерді өндірудің қажеттігін қуаттап: "Жауапты тұлғалар қалалардағы ағаштардың жойылуының алдын алуы керек. Теһранда кейбіреулер талан-таражға салуды көздейтін бақтар бар. Қалалық өмір мен тыныштыққа соққы беретін мұндай істердің алдын алу қажет",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі тиісті органдардың, соның ішінде  Ауыл шаруашылығы джиһады мен Энергетика министрліктерінің басшыларына ағаш егу мен жасыл кеңістік тудыруға қатысты су бөлу мәселесіне байыппен қарауға кеңес беріп: "Бұл саясатты орындау шаң-тозаңның көтерілуі мен судың тасуына тосқауыл болатын факторлардың бірі бола алады",-деді. 

 

Тегтер

Mar 07, 2018 14:04 Asia/Almaty
Сараптама