• Рухани: Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) – тарих бойында әлем әйелдері үшін үздік үлгі

ИИР Президенті сейсенбі күні Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад-Мұстафа (с.ғ.с.)-ның ардақты қызы және әлем шиіттерінің бірінші имамы хазірет Әли (ғ.с)-ның өмірлік серігі хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның туған күнінің жылдығы, сондай-ақ, әйел және ана күнімен құттықтап, хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның бүкіл тарих бойындағы әлем әйелдерінің ең үздік үлгісі екенін қуаттады.

Хиджри қамари күнтізбесі бойынша 1439 жылдың джамади ас-сани айының 20 жұлдызы, сәйкесінше, 2018 жылдың наурыз айының 9 – хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның туған күнінің жылдығы. Иранның күнтізбесінде бұл күн "Әйел және ана күні" деп аталған.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Хасан Рухани Иранның Мәдени революция жоғары кеңесінің отырысында: "Ислам мен ресалат әулетінің тағылымдарында әйелдер үшін жоғары орын белгіленді. Сол себепті, Иранда Ислам революциясының жеңісінен кейінгі 40 жылда әйелдердің құқықтары мен олардың белсенділігіне ерекше назар аударылды",- деді.

Иран Президенті ирандық әйелдердің саяси-қоғамдық, білім және зерттеу салаларына белсенді қатысуын Иран Ислам революциясының жетістіктерінің бірі және адам құқықтары туралы кейбір уәж айтушылардың Ислам республикасына қарсы айыптарын теріске шығаратын жағдай екенін баса айтты.

ИИР Президенті сондай-ақ, Иран ислам республикасының іргетасын қалаушы имам Хомейнидің туған күнінің жылдығының хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның туған күнінің жылдығымен тұспа-тұс келуіне тоқталып: "Имам Хомейни Ислам мен Иран халқының тәуелсіздігі және ғиззаты үшін еңбегін сіңірген біртуар тұлға болды",- деді.

 

 

 

Mar 07, 2018 14:53 Asia/Almaty
Сараптама