• Рухани: Тұрақтылық қалыптастырушы Иран ешбір елге қатер төндірмейді

ИИР-ның президенті Иранның қорғаныстық әлеуетін тежеуші, бейбітшілік пен аймақтың тұрақтылығы мен қауіпсіздігін нығайту үшін деп атап, Иранның қару-жарағы мен зымыранын немесе қорғаныс негіздерін күшейтуіне ешкімнің алаңдамауы керектігін айтты.

Хасан Рухани сәрсенбі күні үкімет мүшелерінің отырысында ИИР-ның экономикалық, мәдени, саяси, әлеуметтік күшінің, әсіресе әскери күшінің басқаларға қарсы емес екенін баяндап: «Иран өзінің әскери күшін басқа бір елге шабуыл жасау үшін күшейтпейді. Иранның қорғаныстық күші тежеуші, басқа елден қорғану сипатына ие» деді.

Иран президенті аймақтағы кейбір елдердің Ираннан қорқыту үдерісін арттыру бағытындағы әрекеттеріне  тоқталып: «Иран ғиззатын сақтап, ешуақытта басқа елдерге күш көрсетіп, басқыншылық жасауды ойлаған емес, ойламайды да. Тарих та Иран халқының ешқашан басқа бір халыққа зұлымдық жасамағанын, бөтен бір елдің жерін басып алмағанын, өзімен көршілес елдерді бомбаламағанын, керісінше, басқа елдерден келген босқындарды қонақжайлықпен қабылдағанын көрсетіп отыр» деді.

Рухани сионистік режимнің аймақтағы қылмыстарына тоқталып: «Өткен 70 жылда аймақта бүлік, соғыс пен қиратушылық жасағандар, күн сайын адамдарды жаппай қырып, «Сабра» мен «Шатиланы» ашқандар Иранды қауіпті деп атайтындай жағдайда емес» деді.

 

 

Тегтер

Mar 07, 2018 23:11 Asia/Almaty
Сараптама