• Зариф: Монополиялық әлемнің кезеңі аяқталды

ИИР Сыртқы істер министрі: "Адамның келешекті анықтаудағы негізгі рөлі қуатты мемлекеттер әлемді бейбітшілік пен соғысқа итермелеген монополиялық кезеңдердің аяқталғанын көрсетті",- деді.

Мұхаммад Джавад Зариф Теһранның "Наурыз" бағында әртүрлі мемлекеттердің елшілері және халықаралық ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен өткен бейбітшілік пен достық көшетін егу рәсімінде: "Әрбір адамның төтенше рөлі «Билікті өзгерту мүмкін емес» деп уәж айтуға болмайтынын көрсетті.

Біздің әлем енді шекаралар, қайшылықтар, жеккөрушілік, зорлық-зомбылық тарату мен бір-бірімізге қарсы шығудың әлемі емес. Бұл – Наурыз, сұлулық пен шаттық қайта оралатын әлем",- деді.

Зариф  халықтарды байланыстырып тұрған маңызды факторлардың бірін қоршаған орта мен осы саладағы әлемдік қиындықтар деп атап: "Әлемдіктер бір қауіпті шындықтан, яғни қоршаған ортаның жойылуынан азап шегуде. Өзінің қуаты мен қабілетіне қарамастан ешбір ел бұл мәселені жалғыз өзі шеше алмайды",- деді.

 

 

Mar 08, 2018 22:46 Asia/Almaty
Сараптама