• Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының имамы: "Иранның аймақтағы құзырының ешқандай шетелдік алпауыт елге қатысы жоқ. Иран ешбір алпауыт елге араласуға рұқсат бермейді",- деді.

Ходжат ул-ислам уа ал-муслемин Казем Седдиқи осы аптадағы Теһран жұма намазының құтпаларында: "Еуропа елдерінің АҚШ-тың дәнекері ретінде Иранға аймақта орналасуы үшін олардан рұқсат алуы керек деген уәждері қабылданбайды. Иран бүгінгі күнге дейін ешкімге араласуға рұқсат берген жоқ, бұдан былай да ешбір алпауыт елге араласуға жол бермейді.

Иранның аймақтағы құзыры мен ықпалы АҚШ-тың аймақтағы арандатушылық және қаскөйлік құзырына қарсы әрекет",- деп баса  айтты.

Ходжат ул-ислам уа ал-муслемин Седдиқи әлемдік үстемшілдің исламдық Иранға соққы беруге бағытталған қастандық әрекеттерінің сәтсіздікке ұшырағанына тоқталып: "Соңғы айларда Иранда тынышсыздық пен бүлік тудыру мақсатындағы осы қастандық әрекеттердің барлығы қырағылық, Құдайдың рақымы мен ислам революциясы жетекшісінің көреген стратегиясының арқасында бейтараптандырылды",- деді

 

 

Mar 10, 2018 14:20 Asia/Almaty
Сараптама