• Велаяти: Әлемдік Қызыл Крест ұйымы Сирия мен Йемендегі соғыстың жалғасуына кедергі жасауы керек

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісінің халықаралық істер бойынша кеңесшісі Әлемдік Қызыл Крест ұйымының Сирия мен Йемендегі соғыс пен қатігездіктерге, әсіресе осы елдердің әйелдері мен балаларына қарсы қылмыстарға тосқауыл жасау үшін шара қолдануы керектігін баса айтты.

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісінің халықаралық істер бойынша кеңесшісі Али Акбар Велаяти сенбі күні Теһранда Қызыл Крест халықаралық комитетінің басшысы Петер Маурермен кездесуінде Иранның Әлемдік Қызыл Крест ұйымымен аймақ елдерінің интеграциясы және Таяу Шығыста бейбітшілік орнату үшін серіктестіктерді кеңейтуге әзір екенін мәлімдеді.

Питер Маурер де кездесуде Иранның аймақ елдерін жақындастыру мен Таяу Шығыс аймағында бейбітшілік орнатуда әсерлі рөлге ие екенін айтып: «Иран Азияның батыс аймағын дамытуда үлкен рөлге ие. Иранның ықпалы толығымен айқын» деді.

Маурер Әлемдік Қызыл Крест ұйымының Иранмен ертеден жақсы қарым-қатынасы болғанына, сол байланыстардың әлі жалғасып келе жатқанына тоқталып: «Иранмен байланыстарды арттыру көбірек серіктестікті қажет етеді. Әлемдік Қызыл Крест ұйымы ИИР-мен серіктестіктерді бұрынғыдан көбірек арттыруға әзір» деді.

 

Mar 10, 2018 20:46 Asia/Almaty
Сараптама