• Әли Асгяри: Иран мен Ресейдің ақпарат саласындағы ынтымақтастығы кеңейеді

ИИР Телерадио бірлестігінің басшысы Әли Асгяри Иран мен Ресейдің ақпарат саласындағы қарым-қатынасының екі елдің саяси байланыстары деңгейіне жететіндігіне үміт білдірді.

ИИР Телерадио бірлестігінің басшысы Абдулали Әли Асгяри Теһранда Russia Today телеарнасының атқарушы директоры Алексей Николов пен қасындағы делегациямен кездесуінде ИИР Телерадио бірлестігінің әлемдік қызмет торабы мен Ресейдің Russia Today телеарнасы арасындағы әріптестіктің кеңейтілуіне  мүдделік білдіріп: "Иранның ұлттық телерадио бірлестігі тәуелсіз ақпарат көзі ретінде әрдайым үстемшілдердің ақпарат құралдарына қарсы тұрып,  ресейлік ақпарат құралдарымен әріптестікті кеңейтуді қолдайды",-деді.

Ресейдің Russia Today телеарнасының басшысы Алексей Николов та осыдан біраз бұрын Иран мен Ресей арасында қол қойылған ақпарат саласындағы ынтымақтастық туралы  құжатқа тоқталып, екіжақты әріптестік, тәжірибелермен алмасу және ортақ жоба  жасауды қолдады.

Алексей Николов ИИР Телерадио бірлестігі әлемдік қызмет торабының әртүрлі бөлімдерін аралағанына тоқталып, осы тораптағы араб және испан бөлімдерін аралау барысында медиа қызметкерлердің кәсіби жұмыстарына куә болғанын айтты.

 

Mar 13, 2018 21:31 Asia/Almaty
Сараптама