• Революция жетекшісі: Иман мен тақуалық – Иран халқының АҚШ пен сионизмнің шабуылына қарсы табандылығының факторы

Ислам революциясының жетекшісі АҚШ пен сионизмнің саяси, қаржылай, әскери, қауіпсіздік және мәдени майданының шабуылына қарсы Иранның табандылығы мен жетістіктерінің Иран халқы мен жастарының бойындағы иман мен тақуалықтан туындағанын айтты.

Хазірет аятолла Хаменеи бейсенбі күні Эксперттер кеңесінің басшысы және мүшелерін қабылдауында Жаратқанның жар болуын ақиқат майданы үшін даусыз, сенім сыйлап, шаттандырушы уәде деп атап, даусыз илаһи уәденің жүзеге асырылуының шартын үлемдер, жүйенің жауапты тұлғалары, білім беру және үгіт-насихаттық органдардағы басшылардың иманды қоғам тәрбиелеудегі өз міндеттерін орындауы мен олардың іс жүзінде тақуалық, еңбек, талпыныс пен тұрақтылыққа берік болып, байлық пен дәулетті иемденуден аулақ болуымен байланыстырды.

Ислам революциясының жетекшісі Иранның дұшпандардың саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және қауіпсіздік салаларындағы жан-жақты шабуылымен ауыр күресі мен соғысына сілтеме жасап: "Ислам республикасының болмысы мен діни үкіметтің демі және ислам жүйесінің армандары мен мақсаттары, атап айтқанда таухид, әлеуметтік әділет, зұлымдықпен күрес, мазлұмдарға қолдау көрсету дін дұшпандарын соғыс ашып, шабуыл жасауға итермелейді. Құран аяттарында қайталанып айтылғандай, бүкіл тарих бойында жалғанның майданы ақиқат майданына әрдайым шабуыл жасап келген",- деді.

Хазірет аятолла Хаменеи ақиқат пен жалғанның үнемі бетпе-бет келуіндегі маңызды жайтты Жаратушының ақиқат майданының жеңісіне негізделген міндетті уәдесі деп атап: "Бұл уәденің жүзеге асуы әрине иман келтіргендердің адал ниеті, сабыры мен көрегендігі, ерік-жігеріне беріктігіне байланысты. Осы шарттарды сақтағанда, бұл уәденің жүзеге асуы міндетті әрі жаңғыртылмайтын илаһи дәстүрлердің бірі саналады",- деді.

 

 

Тегтер

Mar 15, 2018 21:36 Asia/Almaty
Сараптама