• IFilm-2 арнасы ресми түрде ашылды

IFilm-2 каналы парсы тілдес көршілес елдермен мәдени ортақтастықтарды нығайтып, кеңейту мақсатында Иран Телерадио бірлестігінің басшысы мен осы ұйымның шетелдік торап басшысының қатысуымен бүгін ресми түрде ашылды.

IFilm-2 арнасы араб, парсы және ағылшын тілдеріндегі арналардың қасында 24 сағат бойы аймақтағы парсы тілдес елдерге, соның ішінде Ауғанстан, Тәжікстан және Өзбекстан халықтары үшін ирандық фильмдер мен телесериалдарды, музыка мен ирантану тақырыбындағы бағдарламаларды көрсетеді.

Иран Телерадио бірлестігінің басшысы Абдулали Али Асгари арнаның ашылу салтанатында IFilm-2 арнасының аймақтағы парсы тілдес елдердің көбірек байланысы үшін белдік, батыс тарапынан таңылып жатқан шабуылдар үшін бөгет болатындығына үміт білдірді.

Иран Телерадио бірлестігінің шетелдік торап басшысы Пейман Джебели де сол рәсімде сөз сөйлеп: «IFilm-2 арнасының ашылуы – Ауғанстан мен Тәжікстан және Өзбекстан елдері мен осы аймақтағы парсы мәдениеті мен өркениетіне ие барлық халықтар үшін жасалған сый. Аймақ елдерінен парсы мәдениеті мен өркениетін жоюды көздеген соңғы ғасырлардағы үстемшіл елдердің талпыныстарына қарамастан парсы мәдениеті осы аймақтың бөлінбейтін бөлігіне, парсы тілі ислам әлемінің екінші тіліне айналды» деп қуаттады.

 

Mar 17, 2018 21:34 Asia/Almaty
Сараптама