• Рухани Қытай басшысын қайта сайлануымен құттықтады

ИИР Президенті Си Цзиньпинді Қытай Халық Республикасының басшысы болып қайта сайлануымен құттықтады.

Си Цзиньпин жұма күні Қытай Парламенті депутаттарының көпшілік дауысымен тағы бір бес жылдық кезеңге осы елдің басшысы әрі Қытай Коммунистік партиясының Бас хатшысы болып сайланды.

ИИР Президенті Хасан Рухани сенбі күні жіберген жолдауында Си Цзиньпиннің басшы ретіндегі соңғы кезеңінде маңызды жетістіктерге қол жеткізілгеніне тоқталып, алдағы кезеңде де Теһран мен Бейжің қарым-қатынасының барлық салаларда одан ары дами түсетіндігіне үміт білдірді.

Сондай-ақ, ИИР Президенті Армения президентін сайлануымен құттықтады.

Рухани Арменияның жаңа Президенті Армен Саркисянға жолдауында Теһран мен Ереван қарым-қатынасының екі халықтың мәдени және тарихи байланыстары негізінде одан ары кеңейе түсетіндігіне сенім білдірді.

Сонымен қатар, Иран Президенті Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанға жолдаған хатында түркиялық бір ұшақтың Иран аумағында апатқа ұшырап, барлық жолаушыларының қаза табуына байланысты көңіл айтты.   

 

Тегтер

Mar 18, 2018 14:07 Asia/Almaty
Сараптама