• Лариджани: Иранның зымырандық мәселесі талқыға салынбайды

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: «Еуропа елдері Иранның зымырандық мәселесін «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасымен араластырмауы керек. Олар өздері мен АҚШ үшін осы келісімде белгіленген міндеттемелерді орындауды көздеуі тиіс»,-деді.

Әли Лариджани сенбі күні Теһранда Оман Сыртқы істер министрі Юсеф бен Алавимен кездесуінде Иранның зымырандық мәселесінің кейбір елдерге маза бермей отырғанына тоқталып: «Иран зымыран жасау технологиясына 30 жылдан бері ие. Бұл жаңа тақырып емес. Екіншіден, ИИР қай елге қарай зымыран атты?

Иран ядролық келісімге берік. Беріктік қарсы тараптар да өз міндеттемелеріне берік болғанға дейін сақталады»,-деп қуаттады.

Оман Сыртқы істер министрі Юсеф бен Алави де осы кездесуде: «Кейбір елдер ИИР-ның қорғаныстық және зымырандық саясатынан қорқады. Алайда, алаңдаушылыққа еш негіз жоқ. Өйткені, аймақтағы қазіргі дағдарысты жағдайда Иран өз елінің қауіпсіздігін сақтау үшін әскери күш-қуатқа ие болуға құқылы»,-деді.

 

Mar 18, 2018 14:21 Asia/Almaty
Сараптама