• Шамхани: Иранның қорғаныс қуатын арттыру үдерісі шынайы түрде жалғасады

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Еуропаның АҚШ пен сионистік режимнің ойын алаңына түскені мен олардың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтау сылтауымен баж талап етуіне оң жауап бергенін ескертіп: «Иранның қорғаныс қуатын арттыру үдерісі шынайы түрде жалғаса бермек»,-деп қуаттады.

Әли Шамхани сенбі күні Теһранда Оман Сыртқы істер министрі  Юсеф бен Алавимен кездесуде: «Иранның қорғаныс қабілеті, әсіресе зымырандық бағдарламасы тежегіш сипатқа ие. Оны дамыту ұлттық қауіпсіздікті сақтау мақсатында жалғаса береді. Осы салада саяси және ақпараттық кеңістік тудыру бұл үдеріске кедергі жасай алмайды»,-деді.

Шамхани Сауд Арабиясы мен БАӘ қырғи ұшақтарының шабуылдары салдарынан Йеменде әйелдер мен балаларды өлтірудің жалғасып жатқанына алаңдаушылық білдіріп: «Иран мен Оманның Йемен дағдарысына қатысты ортақ ұстанымдары мен көзқарастары соғысты тез арада тоқтату, атысты тоқтату бітімін орнату, қоршауды жою, гуманитарлық көмектер жөнелту және Йемен халқының талап-тілегі мен дауысы негізінде жаңа саяси құрылым қалыптастыру үшін йемендік-йемендік диалог өткізуге негізделген»,-деді.

Оман Сыртқы істер министрі  Юсеф бен Алави де осы кездесуде саяси ерік-жігерді білдіру үшін әскери құралдарды қолдануды қабылдауға келмейтін іс деп атап: «Аймақта соңғы жылдардағы тәжірибе диалог өткізіп, түсіністікке жетудің қатігездік пен әскери шабуылдың орнын басуы керектігін көрсетті»,-деді. 

 

Mar 18, 2018 14:44 Asia/Almaty
Сараптама