• Рухани: 1396 жылы Иран халқы табысқа жетіп, дұшпандар сәтсіздікке ұшырады

ИИР Президенті хиджри шамси күнтізбесі бойынша аяқталып жатқан 1396 жылы Иран халқы дұшпандарының сәтсіздікке ұшырағанын қуаттады.

Иран Президенті Хасан Рухани жексенбі күні  үкіметтің соңғы баспасөз отырысының аясында Иранның сыртқы саясатының табыстарына тоқталып: «Иранға жамандық тілегендер «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты мәселеде үлкен сәтсіздікке ұшырады. Әлемдіктер олардың «Иран бұл келісімдегі өз міндеттемелерін орындамады» деген уәждеріне қарсы тұрды»,- деді.

Иран Президенті Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің Иранның өз міндеттемелеріне табанды болғанын растағанына сілтеме жасап: «БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінде АҚШ-тың зымырандық қоқан-лоққы мен Йемен тақырыбын сылтауратып, Иранға қарсы жасаған әрекеттері сәтсіздікке ұшырап, Вашингтон оң жауапқа ие болмады»,- деді. Рухани Трамптың Құдсқа қатысты шешімдерінің әлем елдері тарапынан айыпталғанын қуаттап: «Иран аймақтағы ДАИШ деп аталған ең үлкен лаңкестік топты тамырымен жойды. ДАИШ-тың жойылуы аймақтың тұрақтылығы саласындағы адамзатқа берілген сый болды»,- деп баса айтты.

Иран Президенті сондай-ақ Әзірбайжанға шегетін алдағы сапарында Рашд-Астара темір жолының келісіміне қол қойылатынын хабарлады.

 

 

Тегтер

Mar 18, 2018 22:59 Asia/Almaty
Сараптама