• Руханидің наурыздық жолдауы

ИИР-ның президенті хижри шамси жыл санағы бойынша 1397 жылдың басталуына орай жасаған жолдауында 1396 жылды ИИР-на жамандық тілеушілердің қалаулары мен талпыныстарына қарсы Иранның ұлы халқының әртүрлі салалардағы жетістігі мен жеңісі деп атап: «Иран халқының бірлігі дұшпандардың барлығын таңдандырып, біздің халықтың ұлылығын мойындатты» деп қуаттады.

Иран президентінің ақпарат тарату торабының мәліметі бойынша, Хасан Рухани сейсенбі күні түнде Иранның батысындағы Керманшаһтың зілзаладан зардап шеккен халқымен кездесуде: «Аймақ пен әлемде әрдайым бейбітшілік пен тыныштық қалыптастырып келе жатқан Иран халқы хижри шамси жыл санағы бойынша өткен 1396 жылы өздерінің, елдің адал сарбаздары мен еңбекқор дипломаттарының талпыныстарымен Ирак пен Сирия және Ливан халықтарының жанында аймақ үшін тұрақтылық пен көбірек қауіпсіздік сыйлады» деді. ИИР-ның президенті сонымен қатар Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі айтқандай, жаңа жылдың ирандық тауарларды қолдау, жұмыспен қамту және әл-ауқатты жақсарту жылы болатындығын тілге тиек етті.

Рухани хижри шамси жыл санағы бойынша жаңа жылмен Иран халқын, шетелдердегі ирандықтарды, сонымен қатар Наурыз мерекесін тойлайтын көршілес елдерді құттықтады.  

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хижри шамси жыл санағы бойынша жаңа 1397 жылдың келуіне байланысты жолдауында ирандықтарды, әсіресе шәһидтердің құрметті отбасылары мен соғыс ардагерлерін, жасөспірімдер мен үміт сыйлайтын жастар мен елдің ғылыми қозғалысының көшбасшыларын құттықтап, Наурыз мерекесінің  шаттықта өтуін, жақсылық пен берекеге толы жыл болуын тілеп, жаңа жылды «Ирандық тауарларға қолдау көрсету жылы» деп атады.

 

Тегтер

Mar 21, 2018 00:29 Asia/Almaty
Сараптама