• Жетекші көзқарасы: Иран Құран негізінде амал ету арқылы АҚШ-қа қарсы тұрып, ілгеріледі

Ислам революциясының жетекшісі ислам үмбетінің дамып, бақытқа жетуінің жалғыз жолын Құран негізінде амал ету деп атап: "ИИР 40 жылдан бері үстемшілдердің езгісі мен озбырлықтарына табандылық танытып, жүйенің көзін жойғысы келген дұшпандардың талпыныстарына қарамастан, өзінің дамуы, қабілеті мен қуатын арттырды",-деп қуаттады.

Хазірет аятолла Хаменеи бейсенбі күні Теһранда Құран халықаралық сайысының 35-ші кезеңіне қатысушылармен кездесуінде Құран негізінде амал етудің мұсылмандардың қадір-қасиетінің артуына себеп болатынын айтып: "Құран негізінде амал ету – шын мәнінде, Алла жолындағы рәсімдерді орындау.  Бұл мұсылмандардың жеке және саяси-әлеуметтік өмірде құлдырау, адасу мен қорлыққа ұшырамауына себеп болады",-деді. Ислам революциясының жетекшісі Құранға көңіл аудармау және соның негізінде амал етпеудің мұсылмандарды әлсірететін айтып: "Өкінішке орай, бүгінде ислам елдері Құран негізінде амал етпеу салдарынан артта қалып, кәпірлерге бағынышты болып отыр",-деді.

Бүгінде ислам әлемі көптеген қиындықтарға ұшырап отыр. Олардың түпкі тамыры Құран Кәрімнен алшақтау және кейбір ислам елдерінің дұшпандарға жақтасуында. Құран Кәрімде талай рет мүміндерге кәпірлер мен зорлықшылдарға қарсы тұру айтылып, кері жағдайда ауруға шалдығатындары ескертілген. Кейбір араб және ислам елдері басшыларының амал-әрекеттері олардың Құранның тағылымдарына көңіл аудармайтындығын көрсетіп отыр. Тілеулестік, бірлік пен ислам істерін қадағалау ислам мемлекеттері міндеттерінің қатарына жатады, алайда, өкінішке орай, кейбір араб елдері, соның ішінде  Сауд режимі ислам тағылымдарына қайшы әрекеттер жасап келеді. отыр.

Исламның абырой-айбынына көңіл аудару мұсылмандардың міндеттерінің бірі саналады. Құран Кәрімде осы маңызды принцип жайлы көп айтылған. Сондықтан мұсылмандар исламның қадірі мен мұсылмандардың құдіреті сақталатын бағытта қозғалуы тиіс. Иман мен тақуалық – исламның қадір-қасиетін сақтаудың басты принципі. Сауд әулетінің іс-әрекеті Құрандағы рауаяттарға қайшы. АҚШ басшыларының Сауд Арабиясымен қатынас түрі және бұл елдің Палестина халқының құқықтары мен армандарына көңіл аудармауы Сауд билеушілерінің тақуалықтан кенде екенін көрсетеді. Сауд Арабиясының қазіргі жағдайы АҚШ Президенті Дональд Трамптың кез келген жерде саудиялық билеушілерді қорлап, бұл әулеттің саяси ғұмырының ұзақтығының АҚШ-тың қолдауына тікелей байланысты деп айтуына дейін жетті. Ислам революциясы жетекшісінің айтуынша, АҚШ Президентінің Сауд Арабиясына осыншалықты дөрекі қатынас көрсетуі – қорлық дертінің бір түрі. Сауд билеушілері Құранға жүгінбегендіктен осындай дертке душар болып отыр. 

Жалпы алғанда ислам әлемінің қазіргі жағдайы, соның ішінде Йемендегі соғыс, Сириядағы дағдарыс пен ислам елдерінде басқа да қиыншылықтардың болуы Құран Кәрімде айтылған исламдық принципке, яғни "исламдық бірлік пен бауырластыққа" көңіл аудармаудан туындап отыр. Мұсылмандар мен ислам қоғамдары қазіргі жағдайда басқа кезден көбірек бірлікті қажет етеді.

Исламның дұшпандары әртүрлі тәсілдермен ислам әлеміне қарсы қастандық ойластырып жатыр. Ислам елдері арасына іріткі салу және кейбір араб елдерінің сионистік режиммен қатынас орнатуы дұшпандардың ислам әлеміне іріткі салуының шарықтау шегі болып отыр. Сионистік режим – жер бетіндегі үстемшілдік пен жемқорлықтың символы. Исламның бірінші жауы сионистік режимге қарсы мұсылмандардың бірігуі қажеттілік саналады.  Осы аяда Палестина исламдық қозғалысының Ирандағы өкілі Насер Абушариф сионистердің мұсылмандардың бірінші жауы екенін қуаттап: "Мұсылмандар кәпірлерге, әсіресе АҚШ пен Израильге қарсы тұру үшін бірігу тиіс. Исламның нағыз жолы – осы",-деді. 

Исламның нағыз жолында әрекет ету және Құран Кәрімге жүгіну ислам үмбетінің абырой-айбынын арттыруға себеп болады. Ислам революциясы жетекшісінің айтуынша, осындай жағдайда ғана "Ислам әлемінің ертеңі бүгінгіден әлдеқайда жақсы болады. Бұдан былай АҚШ ислам елдері мен үмбетін қорқытып, оларға қоқан-лоққы жасай алмайды".     

 

Тегтер

Apr 27, 2018 21:27 Asia/Almaty
Сараптама