• Рухани: Иран халқы Трамп пен сионистік режимге қарсы бірігіп отыр

ИИР президенті Иран халқының АҚШ президенті Дональд Трамп пен сионистік режимге қарсы біріккенін баса айтып: "Иран халқы соғыс пен текетіреске бармайды, бірақ кесімді түрде өзін қорғайды",- деп қуаттады.

Хасан Рухани жексенбі күні Иранның солтүстік-шығысындағы Хорасане Разави облысына жасаған сапарының бірінші күні Сабзевар тұрғындарының алдында сөйлеген сөзінде "Ортақ қадам" мен АҚШ президентінің соған байланысты ұстанымдарына сілтеме жасап: "АҚШ Иран халқының алдында ешбір ісін ілгерілете алмайды, егер "Ортақ қадам" келісімінен шығатын болса, көп ұзамай өкінетін болады",- деді.

Иран президенті АҚШ президенті Дональд Трамптың "Ортақ қадамды" өз елінің тарихындағы ең нашар келісім деп атағанын айтып: "АҚШ-тың жаңа үкіметі, қатерлі сионистік режим мен Сауд Арабиясынан басқа барша әлем Иранның "Ортақ қадамға" қатысты міндеті мен логикасын қолдап отыр",- деді.

Рухани америкалықтарға, еуропалықтар мен әлемге қаратып: "Иран өзінің қорғаныстық қуатына қатысты ешкіммен келіссөз өткізбейді және өзіне қажет қару-жарақ пен зымырандарының көлемін шығарып, сақтайды.

АҚШ президенті келесі аптада "Ортақ қадамға" қатысты қандай шешім қабылдаса да, бұл Иран халқының өмірін өзгертпейді. Иранның халқы оған қарсы табандылық танытады",- деді.

 

 

 

Тегтер

Мамыр 06, 2018 15:30 Asia/Almaty
Сараптама