• Рухани: Иран халқы Трамп пен сионистік режимге қарсы бірге тұрады

ИИР Президенті Иран халқының АҚШ Президенті Дональд Трамп пен сионистік режимге бірігіп, қарсы тұратындығын қуаттап: "Иран халқы соғыс пен қақтығысты қаламайды, бірақ өзін қатаң қорғайды",- деді.

Хасан Рухани Иранның солтүстік-шығысындағы Хорасан Разави облысы сапарының бірінші күні  Сабзевар халқының алдында сөйлеген сөзінде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы мен АҚШ Президентінің бұл келісімге қатысты ұстанымдарына тоқталып: "АҚШ Иран халқына еш нәрсе жасай алмайды. Егер "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шықса, тарихи өкінішке душар болады",- деп баса айтты.

Иран Президенті Америка Президенті Дональд Трамптың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын елінің тарихындағы ең жаман келісім деп жариялағанын айтып: "АҚШ-тың қазіргі үкіметі, сионистік режим мен Сауд Арабиясынан басқа әлем "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты Иранның қисынын мадақтайды",- деді. Ол америкалықтар, еуропалықтар мен әлемге: "Иран өзінің қорғаныс әлеуеті туралы ешкіммен келіссөз жүргізбейді. Өзіне қажет қару мен зымыранды жасап, сақтайды",- деп қуаттады.

Рухани сондай-ақ, аймақ мәселелері туралы: "Иран аймақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Түркия және Ресеймен Сирия жөнінде және әртүрлі мемлекеттермен Йемен туралы келіссөз жүргізуде. Сонымен бірге аймақтың әртүрлі аймақтарындағы лаңкестікпен күреседі. Иран дұшпандарына аймақта басқа ДАИШ лаңкестік тобын құруға рұқсат етпейді. Иран аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты талап етеді",- деп баса айтады.

 

 

Тегтер

Мамыр 06, 2018 21:11 Asia/Almaty
Сараптама