• Салехи: Иран

Иранның Атом қуаты ұйымының басшысы Ислам республикасының ядролық өнеркәсібінің жақсы ілгерілеуіне тоқталып, бұл ұйымның Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына дейінгі жағдайға оралуға дайын екенін қуаттады.

Иранның Атом қуаты ұйымының басшысы Әлиакбар Салехи сейсенбі күні Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің білім және зерттеу мен технология комиссиясының мүшелерімен кездесуінен кейін журналистерге берген сұхбатта: «"Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан бұрын жақсы алға ілгерілеген Иранның ядролық өнеркәсібі қазіргі таңда да сол тәсілмен және одан да жылдамырақ дамуда. Иран "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан кейін Ресейдің көмегімен тұрақты изотоптарды байытуды бастады. "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына дейін тек уранды байытқан болатын. Иранның Атом қуаты ұйымы ядролық өнеркәсіптегі инновацияларды да бақылайды. Оның үлгісі Иранның квантты технологияға енуі болып табылады",- деп мәлімдеді.

 

 

Мамыр 23, 2018 13:08 Asia/Almaty
Сараптама