• Шамхани: АҚШ-тың Иранға шабуыл жасауға батылы бармайды

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы АҚШ-тың Иранға қарсы экономикалық санкцияларының жеңіліс табатынын айтып: "АҚШ-тың Иранға әскери шабуыл жасауға батылы бармайды",-деді.

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани сәрсенбі күні Катардың Al-Jazeera ақпарат арнасына берген сұхбатында сионистік режимнің Сирияға жуырда жасаған әскери шабуылы және оған Дамасктың берген жауабы туралы: "Сионистік режим мынадай ашық жолдау алды: Сирияға жасалған кез келген басқыншылыққа тікелей әрі қатаң түрде қарсылық білдіріледі",-деді.  

Шамхани Иранның зымырандық бағдарламасының талқыға салынбайтынын айтып: "Иран ешбір жағдайда өзінің зымырандық бағдарламасы жайлы біреумен келіссөз жүргізбейтінімен қатар, өзінің зымырандық қабілетін нығайтуды жалғастырады",-деп баса айтты.

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Иранның Таяу Шығыс аймағындағы қарсыласу топтарын қолдайтындығына тоқталып: "Иран Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы (ХАМА), Палестина исламдық джиһад қозғалысы, Ливан Хезболласы мен аймақтағы қарсыласу өзегін қолдауды жалғастырады",-деп қуаттады.

 

 

Мамыр 24, 2018 14:45 Asia/Almaty
Сараптама