• Иран газының Арменияға экспорты артады

Иранның Ұлттық газ компаниясының халықаралық істер жөніндегі басшысы Иран газының Арменияға экспортының артатынын хабарлады.

Иранның Ұлттық газ компаниясының халықаралық істер жөніндегі басшысы Бехзад Бабазаде Иран газының Арменияға экспортының артатынын хабарлап: "Ереванның Жылу электр стансасы Ираннан көбірек газ алуға тапсырыс берді. Иранның Ұлттық газ компаниясы мен Ереванның Жылу электр стансасын басқару компаниясы арасындағы келісім газды электр қуатына айырбастау негізіндегі келісім болғандықтан, олар газ көлемін 1 млн-нан 1 млн 600 мың текше метрге ұлғайтуды сұрап отыр.

Келесі аптада армениялық делегация келіссөз жүргізу үшін Иранға келеді. Келісімге келген жағдайда Иран Арменияға экспорттайтын газ көлемін ұлғайтады",-деді.

Иран мен Армения 2004 жылы 20 жылға газ және электр қуатымен алмасу туралы келісімге қол қойды. Соның негізінде Иранның экспорттық газы Арменияның Жылу электр стансаларында тұтынылады. Оның есесіне Иран Армениядан электр қуатын алады.  

 

Тегтер

Jun 12, 2018 20:38 Asia/Almaty
Сараптама