• Рухани: АҚШ-тың барлық басшысы Иран халқына қарсы болды

ИИР Президенті: "АҚШ-тың барлық басшысы Иран халқына қарсы болды. Бірақ, қазіргі басшылары бәрінен нашар",-деді.

ИИР Президенті Хасан Рухани сәрсенбі күні кешке БАҚ өкілдерімен кездесуінде тарихта адам өлтірушілердің аз болмағанын, бірақ олардың барлығының Шемр болмағанын, қиянат жасаушылардың көп болғанын, бірақ Ибн Молджемнің біреу ғана болғанын айтып: "АҚШ-тың барлық үкіметі – Иран халқының дұшпаны. Бірақ, бұл елдің қазіргі басшысы алдыңғы үкіметтерден әлдеқайда нашар. Оның сұрқия жоспарлары бар",-деді

Рухани Иран халқының ақиқатты жақтап, жалғанды жеңетінін айтып: "АҚШ үкіметтерінің барлығының Ислам революциясы жеңіске жеткеннен бері Иран халқының дұшпаны болып келе жатқаны – шындық, бірақ жауластықтың да шегі мен шеңбері бар",-деді.

Иран Президенті, сондай-ақ, Иранның ядролық саладағы жетістіктеріне тоқталып: "БҰҰ-ның тарихында бірінші рет Иранның уран байыту құқығы расталды. Әрине, атом қуатын бейбіт мақсатта пайдалану – барлық елдердің құқығы, алайда осы күнге дейін БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі бұл құқықты ешбір елге бермеген, тек ИИР-на ғана беріп отыр",-деді.

 

Jun 14, 2018 16:17 Asia/Almaty
Сараптама