Иран Ислам революциясының жетекшісі АҚШ Президентінің елінің Батыс Азия аймағына жеті триллион доллар қаржыны босқа жұмсағанын мойындауын олардың аймақтағы сәтсіздігінің белгісі деп атады.

Иран Ислам революциясының жетекшісі  аятолла Хаменеи бүгін, жұма күні Ораза айт намазының уағыздарында Иран халқы мен ислам үмбетін осы  үлкен мейраммен құттықтап: "АҚШ Президентінің мойындауы бұл «үлкен шайтанның» бүкіл әрекетімен өз мақсаттарына жете алмағанын, сондай-ақ, келешекте де бұл аймаққа қанша қаржы жұмсаса да мақсаттарына жете алмайтынын көрсетті",- деді.

Аятолла Хаменеи үстемшіл мемлекеттердің Иран халқына қарсы қастықтарын жалғастыруының себебін олардың Иран халқының табандылығы, күші мен құдыреті, тәуелсіздігі және жоғары ой-пікірі мен бастамасына алаңдауы деп атап: "Бұл үкіметтер әрекеттерін жалғастырғанымен еш уақытта нәтижеге жетпейді",- деп қуаттады.

Ислам революциясының жетекшісі  Иран халқының ояу әрі қырағы болып, қастандықтарды тану мүмкіндігіне ие болуы қажеттігін қуаттап: "Дұшпанның қазіргі негізгі қастығы – халыққа экономикалық тұрғыдан қысым көрсетіп, тарықтырып, үміттерін үзу",- деді.

Аятолла Хаменеи Құдс күнгі шерулердің басқа елдердің   азаматтарының жаппай қатысуымен өткендігіне сілтеме жасап: "Әртүрлі елдерде өткен Құдс күнгі шерулердің жолдауы дұшпандардың үгіт-насихаттарына қарамастан мұсылман халықтарының Иран халқына одан сайын жақындағанының белгісі болды",- деді.

Ислам революциясының жетекшісі  Ораза айтты сый алатын, қасиетті Рамазан айын мүміндердің Аллаға құлшылық етуде сайысқа түсетін айы деп атап: "Алланың көмегімен Иран халқы  жыл сайын осы рухани сайысқа қатысуда",- деді.

 

 

 

 

Тегтер

Jun 15, 2018 21:08 Asia/Almaty
Сараптама