Ислам революциясының жетекшісі сионистік режимнің түйткілін оның заңсыздығында деп атады.

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи кеше, жұма күні Ораза айтына орай жүйенің жауапты тұлғалары және халықтың әртүрлі әлеуметтік топтарының өкілдерімен кездесуінде ислам қоғамы мен үмбетінің абырой-айбынының ең маңызды факторларының бірін бірлікті сақтап, қайшылықтарды жою деп атады.

Хазірет аятолла Хаменеи үстемшіл елдердің қазір аймақта жүргізіп жатқан саясатын ислам елдеріндегі адамдардың арасына іріткі салу деп атап, қылмыскер АҚШ пен сионистік режимнің саясаттарымен күресудің жалғыз жолын дұшпанның жоба-жоспарларынан хабардар болып, оларға қарсы тұруда деп атады.

Аятолла Хаменеи аймақтағы кейбір жігерсіз елдердің басқыншы сионистік режиммен ашық та жасырын түрде дипломатиялық қарым-қатынас орнатуы мен АҚШ елшілігінің Бейт ул-Мұқаддасқа көшірілуінің сионистік режимнің мәселесін шешпейтінін айтып: "Бұл режим зорлық, қоқан-лоққы, жаппай қырып-жою мен бір ұлтты өз жерінен қуу негізінде қалыптасты. Сол себепті сионистік режимнің заңсыздығы  ислам халықтарының естерінде сақталып қалған. Палестинаны әлемдік географияның тарихи жадынан өшіріп тастай алмайсың. Сионистік режим жойылғаннан кейін ислам үмбеті өзінің бірлігі мен ғиззат-құрметіне қол жеткізеді",-деп қуаттады.

 

Jun 16, 2018 20:08 Asia/Almaty
Сараптама