• ИИР Телерадио бірлестігі дұшпанның психикалық соғысымен күрестің алғы шебінде тұр

ИИР Президенті Рухани Ұлттық телерадио бірлестігін Иран халқының сенімі мен үмітіне соққы беруді көздеген дұшпанның психикалық соғысымен күрестің алғы шебінде тұрып, жамандық тілеушілердің қысымдарына қарсы тұру мақсатында қоғамдық пікірді жұмылдырудың басты факторы деп атады.

Хасан Рухани сәрсенбі күні ИИР Телерадио бірлестігінің басшысы, орынбасарлары мен бөлім басшыларымен кездесуінде бұл ұйымға қазіргі жағдайда өте ауыр міндет жүктелгенін, содан хабардар бола тұрып, бар күш-қуатымен өз міндеттерін атқарып жатқанын айтып: "Ұлттық телерадио бірлестігі үміт тудыру, шаттықты нығайту және қоғамның біртұтастығын арттыруда өте әсерлі рөл атқарады. Бірлестік халықтың басым бөлігі көңіл аударатын жарнама мен қозғалыс тудыратын аппарат болып табылады",-деді.

Рухани Иран халқының АҚШ үкіметінің қисынсыз қысымдары мен қастандықтарына ешқашан тізе бүкпейтінін және олардың ешуақытта өз мақсаттарына жетпейтінін айтып: "Дұшпанның мақсаты – халықтың болашаққа қатысты алаңдаушылығын тудыру.  Біз соны азайтуға талпынуымыз керек. Халықты басты қажеттіліктерін қамтамасыз ету жолында қиыншылыққа ұшырауына жол бермейтіндігімізге сендіруіміз қажет",-деді.  

 

Jun 21, 2018 17:27 Asia/Almaty
Сараптама