• Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының имамы АҚШ-тың Иранға қарсы ықтималды санкцияларына тоқталып: "Бұл санкциялар АҚШ пен президент Дональд Трамптың абыройын төгеді",- деді.

Аятолла Мұхаммадәли Мовахеди Кермани осы аптадағы Теһран жұма намазының құтпаларында АҚШ бастаған үстемшілдердің ислам революциясына соққы беру үшін барлық мүмкіндіктер мен құралдарды пайдаланатынын баяндап: "Дұшпандар Йемен, Палестина мен аймақтың кейбір мазлұм елдерінде қылмыс жасап жатқан құралдарынан құрдымға ұшырайды",- деді.

Аятолла Мовахеди Кермани әлемдік үстемшілдердің қастандықтарына қатысты қырағы болу қажеттігін қуаттап: "АҚШ тек өз мүддесін жүзеге асыруды көздеп, келіскен міндеттемеге ешқашан берік болмайды",- деді.

Теһран жұма намазының құтпагері сондай-ақ, АҚШ президенті Дональд Трамптың көші-қонға қарсы саясаттарын жүзеге асыруына сілтеме жасап: "Трамп пен АҚШ басшыларының болмысы зұлымдық, езгі мен қылмысқа негізделген",- деді.

 

 

Jun 23, 2018 14:18 Asia/Almaty
Сараптама