• Сот билігінің адам құқығы штабының басшысы: Мина апатының сот үкімі жақында шығады

Сот билігінің адам құқығы штабының басшысы Мохаммад Джавад Лариджани Мина апаты ісінің қарастырылып жатқанын, жақында осы мәселе бойынша сот үкімі шығатынын айтты.

Мохаммад Джавад Лариджани Иран Телерадио бірлестігіне берген арнайы сұхбатта Мина оқиғасына қатысты айтқан сөзінде бұл істің әлі ашық екенін, тексерістің жалғасып жатқанын айтып: «Арабстан сот жүйесінің сенімсіздігі мен бұл мәселенің шетелмен байланыстылығы Мина апаты ісін жылдам тексеруді қиындатып отыр» деді.

Лариджани осы мәселеге қатысты басқа елдердің қауіпсіздік, сот және саяси органдарының ластығын Мина апаты ісінің осы уақытқа дейін нәтижеге жетпеуінің факторы деп атап, бұл мәселенің тез арада халықаралық деңгейде қарастырылуы қажеттігін қуаттады.
2015 жылы Құрбан айт кезінде Мина өлкесінде қажылық рәсімдерін орындау барысында мыңдаған зияратшы, соның ішінде ирандық 464 зияратшы әл-Сауд басшыларының ұйымдастырудағы салақтықтары салдарынан жан тапсырды.

Сонымен қатар 2015 жылдың қыркүйек айының 11 күні Мина апатынан бұрын үлкен экскаватор Бейт ал-Харам зияратшыларының үстеріне құлап, соның салдарынан 110 адам өліп, 238 адам жараланған болатын. Соның ішінде 11 ирандық зияратшы көз жұмды.

 

Jun 23, 2018 21:20 Asia/Almaty
Сараптама