• Зариф: Трамптың қисынсыз әрекеттері Иранның мүддесіне аяқталады

Иран Сыртқы істер министрі АҚШ Президентінің қисынсыз әрекеттеріне, соның ішінде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуына сілтеме жасап: "Дональд Трамптың жаманатты болуының шығыны Иранның мүддесінен аяқталады",- деді.

Мұхаммад Джавад Зариф Иран Сауда палатасының мүшелерімен өткен ортақ отырыста АҚШ-тың стратегиялық мақсатын Иранды "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығару деп атап: "Иран дұшпанның мақсатын біледі. Бірақ, бұл Иран ешбір жағдайда аталмыш келісімнен шықпайды дегенді білідрмейді",- деді.

Иран Сыртқы істер министрі Иранның еуропалықтар мен экономикалық қиындықтарын шешетін жолды еуропалық шағын дәне орташа компаниялар деп атап: "Еуропалықтар мемлекеттердің негізгі моторы – шағын және орташа компаниялар. Олар тіпті үлкен компаниялардың орнын басады",- деді. Зариф Батыс ақпарат құралдарының Иранға қарсы жанжалдарына тоқталып: "Reuters Иранның экономикасы туралы күн сайын шамамен 50 жалған хабар таратады. Сондықтан қырағы болу қажет",- деп баса айтты.

 

 

Тегтер

Jun 25, 2018 00:09 Asia/Almaty
Сараптама