• Джаһангири: АҚШ Иранға қарсы жаңа экономикалық соғыс бастады

ИИР-ның Вице-президенті АҚШ-тың Иранға қарсы жаңа экономикалық соғыс бастағанына тоқталып: "Олар бұл соғысымен мемлекеттің экономикасын тығырыққа тірейміз деп ойлайды, бірақ олар нәтижеге жетпейді",- деді.

Исхақ Джаһангири Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің ашық отырысында ішкі бірлікті АҚШ-тың қастықтарына қарсы тұратын жол деп атап: "АҚШ Президенті Дональд Трамп экономикалық қысым арқылы Иранды келіссөздерге мәжбүрлейміз деп ойлайды. АҚШ Иранның өнеркәсібі мен экономикалық бөлімінің бір бөлігіне соққы бермек, бірақ Иран дұшпанның қастықтарына қарсы тұру үшін тиісті шешім қабылдады"- деп баса айтты.

 

 

Тегтер

Jun 25, 2018 09:35 Asia/Almaty
Сараптама