ИИР Барлау министрі дұшпанның Иранға қарсы санкциялары мен қоқан-лоққыларына тоқталып, Иранның дұшпанның қоқан-лоққысынан оп-оңай өтетінін, мұндай қоқан-лоққылардың халықтың ерік-жігерін мұқалтпайтынын сан рет көрсеткенін айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, сейіт Махмұт Алави дүйсенбі күні Құм облысындағы Форду нысанында шәһид доктор Масуд Әли Мұхаммади атындағы уран байыту кешенін аралап, Еуропа елдері мен Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы туралы келіссөздеріне тоқталып: "Осы келісімнің басқа тараптары АҚШ сияқты уағда бұзатын болса, Иран өз ғалымдарының құнды жетістіктерінің арқасында қысқа мерзімнің ішінде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына дейінгі деңгейге қайтып келеді",-деді.

Иранның Барлау министрі, сондай-ақ, Форду уран байыту кешенінде жұмыс істеп жатқан ирандық ғалымдардың стимулының өте жоғары, мықты әрі үміт тудырарлық екендігіне тоқталып: "Иранның ядро саласындағы ғалымдарының рухы ирандықтардың ерік-жігерінің ешқашан дұшпандардың ықпалына түспейтінін көрсетеді",-деді. 

 

 

Jun 26, 2018 00:50 Asia/Almaty
Сараптама