Иран Президенті Ислам революциясы жеңіске жеткеннен бері АҚШ-тың Иранға қарсы жасаған қастандықтарына тоқталып: "Иран халқы мен жүйесі әртүрлі кезеңдерде дұшпандардың қастандықтарынан қырағылықпен өтті",-деді.

Хасан Рухани Теһранда өткен форумда әлемдік үстемшілдер мен сионизмнің құдіретті исламдық Иранның болуын өз мақсаттары үшін үлкен қатер деп санайтынын айтып: "Иран халқы аймақ пен әлем деңгейінде ірі жеңістерге жеткен сәттерден бастап дұшпандар Иран халқының құдіретті әрі ықпалды болғанына төзе алмай, оған қарсы шығып келеді",-деді. Рухани бүгінде Иранның әлемдік деңгейде саясат пен құқық тұрғысынан мерейі үстем болып тұрғанын айтып: "Ирандықтар АҚШ-тың қысымдарына тізе бүкпей, өзінің тәуелсіздігі мен құндылықтарын қорғайды",-деді.   

 

 

Тегтер

Jun 26, 2018 23:42 Asia/Almaty
Сараптама