Иран Ислам революциясының жетекшісі Иран Жоғары сотының дұшпанның зорлық-зомбылықтарының алдында Иран халқының құқықтарын қорғауына ризалық білдіріп: "Адам құқығы мәселесіне қатысты Ислам республикасының адам құқығы туралы уәж айтатын Батыс қылмыскерлеріне қоятын сұрағы көп",- деді.

Аятолла Хаменеи сәрсенбі күні Иранның Жоғары соты және сот органдары басшыларымен кездесуінде әлемнің әртүрлі аймақтарындағы АҚШ-тың адам құқығын әшкере түрде бұзуы мен франциялықтар мен британиялықтардың Африка құрлығы мен Үнді түбегіндегі өткен онжылдықтардағы қылмыстарына тоқталып: "Дәл осы жылдардағы батыстықтардың ДАИШ-ты қолдауы мен Сирия, Мьянма және басқа аймақтардағы қылмыстары адам құқығы туралы уәж айтатындардың өтіріктерін білдіреді. Бүгін Иранның сот органы дұшпан мен елдің ішіндегі адасушылардың үгіт-насихаттық және ақпарат құралдарының қысымдарымен бетпе-бет келуде",- деді.

Ислам революциясының жетекшісі дұшпан мен қара ниеттілер, бүлік ұйымдастырушылар мен тіл тигізушілерге қарсы қатаң әрекет етіп, халықпен қарапайым, жанашыр әрі мейіріммен қарым-қатынас орнатып, қоғамдық ой-пікірдің сеніміне ие болу қажеттігін қуаттады.

 

 

Jun 28, 2018 09:12 Asia/Almaty
Сараптама