ИИР президенті: "Дұшпанның қоқан-лоққысына тойтарыс беріп, оны мүмкіндікке айналдыру қажет. Себебі, қаскүнемдер қысқа мерзім ішінде Иран халқынан жеңіледі",- деді.

Хасан Рухани бейсенбі күні Иранның оңтүстігіндегі Бандар-Аббастағы әлемнің ең ірі газ конденсатын өңдейтін "Парсы шығанағының жұлдызы" атты зауыттың екінші фазасын іске қосу салтанатына арналған рәсімде сөйлеген сөзінде: "Бүгін дұшпанның қоқан-лоққысымен күресіп, оны мүмкіндікке айналдыруымыз қажет тарихи маңызды кезеңді бастан өткерудеміз",- деді.

Иран президенті санкция мен қысымды әлемнің зорлықшыл алып державаларына қарсы жаңа бастамалар жасап, өндірісті дамытып, құрметке бөленуге арналған мүмкіндік деп атап: "Иранның стратегиялық қауіпсіздігі мен алатын орны аса маңызды. Иранның қазіргі жағдайы аймақтың басқа мелекеттерімен, тіпті Парсы шығанағының оңтүстік жағалуындағы елдермен салыстырғанда әлдеқайда жақсы. Парсы шығанағының оңтүстік жағалауындағы елдер АҚШ-тың аймақтағы құзыры мен заңсыз мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында кейбір мемлекеттерді тонап, талан-таражға салуы үшін жылына 9 миллиард доллар төлейді",- деді.

 

 

Тегтер

Jun 29, 2018 09:12 Asia/Almaty
Сараптама