Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі дұшпанның ислам жүйесі мен халқының арасына жік салмақ болған қастандығына сілтеме жасап: «Егер ұлттық айбынның компоненттері нығаятын болса және дұшпанның алдында әлсіздік танытылмай, мойынсұнылмаса, қаскүнемдер өз мақсаттарына жетуде тағы да сәтсіздікке ұшырайды» деп баса айтты.

Хазірет аятолла Хаменеи сенбі күні имам Хосейн атындағы университет студенттерінің оқу бітіру рәсімінде сөйлеген сөзінде: «Иран халқының айбынының жоғарылығының ең үлкен дәлелі мынада: әлемнің ең қанішер әрі рақымсыз мемлекеттерінің бірі, яғни Америка өткен қырық жылда Иран халқымен күресте ешбір талпыныс пен зұлымдықтан аянып қалмағанымен, ештеңе жасай алған жоқ. Керісінше, Иран халқы одан сайын дами түсті. Ислам республикасы жүйесінің құдіреті мен дамуына байланысты Американың дұшпандығы артып келеді. Бірақ Иран халқының да Америкаға деген жеккөрініші күннен күнге артуда" деді.

Хазірет ИИР-ның халықтың бірлігі мен иманына, махаббаты мен олардың сезімдеріне сүйенетінін баса айтып, Американың бұрынғы президенттерінің қастандықтарының ИИР-мен күресте жеңіліс тапқанына сілтеме жасап: «Қазіргі жасап жатқан экономикалық қысымдардың мақсаты – халықтың діңкесін құрту. Бірақ, илаһи құдіретпен біз халықпен бірлігімізді күннен күнге арттыра түсеміз. Дұшпанды жеңетін бірлік пен ынтымақтастықты сақтау арқылы мүмін, серпінді, әрекетшіл жастарды күшейте түсеміз» деді.

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі нағыз күш-құдіретті халықтың ішінен қайнап шығатын, тәуелсіздік пен азаттыққа негізделген деп атап: «Біреулердің жатжұрттықтарға ақша беріп, олардан қару сатып алып, соларды жинап, тіпті сол қаруларды қолдана да алмауы немесе әлемнің ана бір жағына барып, бір елден әскери база ашып, бір мемлекеттің күш-құдіретін сақтау үшін сол ел халқының қанын соруы айбын емес. Бұлар – ақымақтық пен пәстіктің үлгілері» деді.

Хазірет аятолла Хаменеи Иран халқының күш-құдіреті мен айбынының келесі дәлелі ретінде Американың ИИР-ның жүйесімен қарсыласу үшін аймақтық коалиция құруы деп атап: «Егер Америка жалғыз өзі мақсаттарына жете алғанда аймақтың қарабет, кертарпа елдерімен коалиция құруға мұқтаж болмас еді. Иран халқына дұшпандар әскери, экономикалық, қауіпсіздік және саяси салалар бойынша шабуыл жасауға батылы жетпейтін күн алыс емес. Жастар ол күнді көреді» деді.

 

Jun 30, 2018 18:21 Asia/Almaty
Сараптама