• Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының имамы: "Сионистер мұсылмандардың арасында алауыздық тудырып, исламның ақиқаты осындай деп көрсету үшін ақпарат құралдарында осы қайшылықтарды жариялап отыр",- деді.

Аятолла Мұхаммад Имами Кашани осы аптадағы Теһран жұма намазының құтпаларында дұшпан ықпал ете алмауы үшін оларға қарсы халыққа жақындай түсу керектігін баяндап: "Телеарналардағы ұлыбританиялық шиіттік ағым шиіттер мен сүниттердің арасында алауыздықтың туындауына әсер етіп отыр. Бұл қайшылық – сионистердің қалауы",- деді.

Теһран жұма намазының құтпагері имам Заманның ғайып кезіндегі лайықты діни басшылықты мұсылман қоғамы бірлігінің өлшемі деп атап: "Бүгінде дұшпан Иранға қарсы экономикалық соғыста маңызды рөл атқаруда",- деді.

Ол сондай-ақ, шиіттердің алтыншы имамы имам Садықтың (ғ.с) шәһид болуының жылдығына орай көңіл айтып: "Имам Садық (ғ.с) өз дәуірінде мұсылмандардың арасындағы бірлікті көздегені секілді, бүгінгі таңда да Иран Ислам Республикасындағы бірлік ұғымы имам Заманның қалауы болып табылады",- деп баса айтты.

2018 жылдың шілде айының тоғызы, сәйкесінше х.ш.ж.с.б 1439 жыл шәууәл айының жиырма бесі имамат пен велаяттың алтыншы жарық жұлдызы имам Джафар Садықтың (ғ.с) шәһид болған күнінің жылдығы саналады.

 

 

 

Jul 07, 2018 19:03 Asia/Almaty
Сараптама