• Бүгін – имам Джафар Садықтың шәһид болған күнінің жылдығы

Исламдық Иран шиіттердің алтыншы имамы, шиіттік мазһабының басшысы хазірет имам Джафар Садықтың (ғ.с) шәһид болған күнінің жылдығында қара жамылып, аза тұтуда.

Бүгін – 2018 жыл шілденің тоғызы, сәйкесінше х.қ.ж.с.б 1439 жыл шәууәл айының жиырма бесі имамат пен велаяттың алтыншы жарық жұлдызы имам Джафар Садықтың (ғ.с) шәһид болған күнінің жылдығы.

Имам Джафад Садық (ғ.с) өзінің берекелі өмірінде дәріс беріп, шиіттер мен сүнниттерді қамтитын барлық мұсылмандардың сұрақтарына жауап беретін үлгіге айналып, нақты дәлелдер мен қисын арқылы исламның шиіттік мектебінің күш-қуатын дәлелдеді.

Бұл істің әсерлі болғаны соншалықты Шафиғи, Малик және Абу Ханифа секілді сүниттік мазһабтардың негізін қалаушылар имам Джафар Садықтан (ғ.с) білім алған.

ИИР Телерадио бірлестігі шиіттердің алтыншы имамы Джафар Садықтың (ғ.с.) шәһид болған күнінің жылдығына орай барша мұсылмандар мен әлемнің басқа да  азаттық сүюшілеріне, әсіресе шиіт мазхабын ұстанушыларға көңіл айтады. 

 

 

 

Jul 09, 2018 18:55 Asia/Almaty
Сараптама