• Лариджани: Шетелдіктердің аймақ мәселелерін шешуге араласуы үшін қажеттілік жоқ

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Теһрандағы Катар елшісімен кездесуінде аймақ мәселелерінің кеңесулер арқылы шешілетінін баса айтып: "Шетелдіктердің аймақ мәселелерін шешуге араласуы үшін қажеттілік жоқ» деп баса айтты.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани жексенбі күні кешке Теһрандағы Катар елшісі Әли Хамад әл-Сулаитимен қоштасу рәсімінде: "Аймақтан тыс алпауыт мемлекеттердің аймақтағы үкіметтер мен халықтарға қарсы қастандықтарын жүзеге асырмауы үшін оларға араласуға рұқсат бермеу керек",- деді.

Лариджани Катардың оқшауға алынуының жалғасуын бұрыс әрекет деп атап: "Аймақтың бүкіл мәселесі сұхбаттасу мен кеңесу арқылы шешілуі тиіс",- деді.

Әли Хамад әл-Сулаити де Катар араб елдері тарапынан оқшауланған кезде Иран үкіметі мен халқына көрсеткен қолдаулары үшін алғыс білдіріп, екі елдің саяси-экономикалық салалар бойынша қарым-қатынасының бұрынғыдан бетер кеңейе түсетіндігіне үміт білдірді.

 

Jul 09, 2018 19:07 Asia/Almaty
Сараптама