• Руханидың жолдауы Индонезия президентіне тапсырылды

ИИР президентінің Индонезияға жіберген арнайы өкілі Хасан Руханидың Индонезия президенті Джоко Видодоға арналған "Ортақ қадам" жайлы жолдауын орынбасарына тапсырды.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, ИИР президентінің Индонезияға жіберген арнайы өкілі және Әйелдер мен отбасы істері жөніндегі орынбасары Масуме Эбтекар сәрсенбі күні Джакартада Индонезия президентінің орынбасары Юсуф Калламен кездесуінде "Ортақ қадамды" әлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға бағытталған халықаралық міндеттемелердің айрықша үлгісі деп атады.

Эбтекар сондай-ақ, Индонезия президенті Джоко Видодоны Азия елдерінің басшылары мен министрлерінің қатысуымен Иранда өткізілетін Азиядағы ынтымақтастық диалогының отырысына қатысу туралы ресми шақыру қағазын Юсуф Каллаға тапсырды.

Юсуф Калла кездесуде Индонезияның ядролық мәселеге қатысты әрдайым Иранды қолдайтынын баяндап: "Джакарта "Ортақ қадамды" сақтап, оны жүзеге асыруды жалғастыру қажеттігін қуаттап, барлық салалар бойынша ынтымақтастықтарды дамыту үшін қажет шараларды жүзеге асыруға әзір",- деді.

 

 

 

Тегтер

Jul 13, 2018 00:54 Asia/Almaty
Сараптама