• Қазіргі заман тарихы АҚШ елшіліктерінің заңсыз әрекеттеріне толы

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы АҚШ Мемлекеттік хатшысының Иранға қарсы айтқан уәжіне қатысты реакциясында: "Иранның дипломатиялық әрекеттерін айыптау жоспары АҚШ-тың Теһранның сыртқы қарым-қатынастарын бұзуға бағытталған талпыныс саналады",- деді

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео өзінің негізсіз уәждерінде Иранның елшіліктерін орналасқан елдердің ішкі істеріне араласуда деп айыптады.

ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Бахрам Ғасеми сәрсенбі күні АҚШ Мемлекеттік хатшысының уәждерін теріске шығарып: "Помпео Иранға қарсы бұл уәждерін АҚШ елшіліктерінің дипломатиялық қызметкер кейпіндегі жүздеген әскери және қауіпсіздік қызметкері арқылы тыңшылық және бүлдіргі әрекеттерін жүзеге асырып жатқанын дәлелдейтін алуан түрлі құжаттар түрлі ақпарат көздерінде жарияланған жағдайында айтты.

Қазіргі заманның тарихы АҚШ елшіліктерінің орналасқан елдердің сыртқы қатынастарын бұзу және олардың ішкі істеріне араласудағы заңсыз және халықаралық ережелерді бұзатын әрекеттеріне лық толы",- деді.

 

Jul 13, 2018 01:02 Asia/Almaty
Сараптама