• Аятолла Хатами сыбайлас жемқорлықпен күресу қажеттігін қуаттады

Теһран жұма намазының құтпагері кез келген сыбайлас жемқорлықпен қатаң күресуді сұрады.

Теһран жұма намазының құтпагері аятолла Ахмад Хатами Иран президенті және үкімет мүшелерінің жуырдағы революция жетекшісімен кездесуі мен ол хазіреттің революциялық бағыт пен рухты сақтап, нығайту, ішкі әлеуеттер мен өндіріске иек артып, қарсыласу экономикасы саясаттарын нақты жүзеге асыру туралы берген кеңестеріне сілтеме жасап: "Сыбайлас жемқорлықтың кез келген түрімен, әсіресе мемлекеттік қазынаны тонап жатқан жемқорлармен күресу қажет. Жемқорлармен күрестегі жалғыз өлшем – заң. Қандай лауазымға ие болып, қандай органда қызмет атқармаса да, жемқорларға қатысты қатаң шара қолдану керек",- деді.

Аятолла Хатами осы аптадағы Теһран жұма намазының құтпаларында Үкіметтің басқа мемлекеттермен ынтымақтастығында ұстанатын дипломатиясын ИИР Конституцияның негізі деп атап: "Ғиззат, хикмет пен мүдде саясатына сәйкес әлемнің барша елдерімен байланыс орнату керек. Президенттің біздің жүйеміздің саясаттары мен ұстанымдарын жеткізу үшін жуырда өзінің өкілдерін түрлі елдерге жіберуі осы қағида негізінде жүзеге асырылды",- деді.

 

 

 

Тегтер

Jul 21, 2018 15:08 Asia/Almaty
Сараптама