«Иран ислам революциясы жеңісінің 40 жылдығы қарсаңында дұшпандардың қоқан-лоққылары мен санкциялары өзінің шарықтау шегіне жетті. Алайда, жүзеге асырылмай жатқан жалғыз қоқан-лоққы әскери қоқан-лоққы болып отыр. Себебі, оларға көп шығын келтіріп, "жұмсақ соғыстарына" зиян келтіреді»».

Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы генерал-майор Мұхаммад Әли Джафари Теһранда басидж студенттердің алдында сөйлеген сөзінде: "Егер Сақшылар корпусының әлеуеттері АҚШ-тың авантюрист президентінің құлағына жететін болса, ол ешқашан мұндай қателіктерге бармай, мұнай экспортына жасалған қоқан-лоққыға оп-оңай жауап қайтаруға болатынын түсінетін болады" деп баса айтты

Ислам революциясы Сақшылар корпусы бас қолбасшысының бұл сөзі Иран АҚШ-тың әскери қоқан-лоққысынан қорқып немесе оның экономикалық қысымдарына мойынсұнады деп ойлайтын АҚШ-тың қате есептеулеріне берілген айқын жауап болып табылады. АҚШ өзінің қате есептеулері негізінде өтірік айтып, қоқан-лоққы арқылы аймақ теңгеріміне әсер етуге үміттенді. Бірақ, ол бұл салада теріске шығаруға келмейтін бір шындықпен бетпе-бет келіп отыр. Бұл шындық – Иранның аймақ қауіпсіздігін сақтаудағы даусыз күш-қуаты мен атқаратын рөлі. Иран – қазіргі таңда аймақтағы маңызды әрі тұрақтандырушы ел, сондай-ақ аймақтағы қауіпсіздікті сақтау мен маңызды су жолы саналатын Ормоз бұғазындағы қауіпсіздікті кепілдендіруде елеулі рөл атқарады. Иран Парсы шығанағы мен Ормоз бұғазында толық үстемдікке ие. Алайда, бұл үстемдік жоғарыда аталған аса маңызды су жолы мен әлемдік экономикадағы кемелердің қауіпсіздігіне кепілдік беру деген мағынаны білдірді.

ИИР Әскері қолбасшысының үйлестіру істері жөніндегі орынбасары адмирал Хабиболла Сайяри осы мәселеге қатысты сөзінде Иранның бөгде елдердің құзырының қауіпсіздік орнатуға кедергі келтіруімен қатар аймақ қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін бірнеше рет мәлімдегенін айтты.

Аймақ тарихына көз жүгіртетін болсақ, Батыс елдерінің кез келген жағдайдағы Батыс Азиядағы құзырының отарлаушы мақсатты көздегенін көрсетіп отыр. Ұлыбританияның аймақтағы отарлаушы құзыры, одан кейін америкалық әскерилердің аймаққа келуімен Парсы шығанағы үсті-үстіне жалғасқан аймақтық қастандықтар мен қайшылықтарға ұшырап, аймаққа тынышсыздықтан басқа ешнәрсе әкелмеді.

Иранның қорғаушы күштерінің аймақта кез келген амалды жүзеге асыра алып, Иран халқына қарсы кез келген деңгейдегі қоқан-лоққыға қатаң әрі өкіндіретін жауап қайтаратыны шәксіз.

 

 

 

Jul 28, 2018 15:09 Asia/Almaty
Сараптама