• Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының имамы: "ИИР дұшпанның психологиялық және экономикалық соғысымен бетпе-бет келіп отыр. Еліміз бұл қиындықтардан аман-есен өтеді",- деді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, осы аптадағы Теһран жұма намазының имамы аятолла Мұхаммад Имами Кашани жұма намазының құтпаларында АҚШ президенті Трамптың келіссөз өткізу туралы айтқан сөздеріне сілтеме жасап: "Дұшпандардың діттегені – Иранға қысым жасап, келіссөздер арқылы өз мақсаттарына жету. Алайда, ИИР қысымдарға бойсұнбайды",- деп баса айтты.

Теһран жұма намазының имамы АҚШ-тың күш қолданып, сионистердің қастандық жобалап, Сауд әулетінің өз ақшасымен Ислам әлемінде текетірес тудыруды қалайтынына тоқталып: "Қырағылықпен бірлік пен ынтымағымызды сақтап қалуымыз қажет. Жауапты тұлғалар, халық пен жеке сектор өз міндеттерін нақты әрі дұрыс жүзеге асыруы тиіс",- деді.

 

 

 

Тегтер

Aug 11, 2018 15:07 Asia/Almaty
Сараптама