• Каспий теңізінде ешбір бөтен мемлекеттің кемелерінің өтуі мен әскери база құруына рұқсат жоқ

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Ғасеми Каспий маңындағы елдер басшыларының саммитінде талқыланған негізгі тақырыптар жайлы айтқан сөзінде Каспий маңындағы елдер басшылары тарапынан қол қойылатын конвенцияның Каспий теңізіндегі құқықтық режимге қатысты барлық ынтымақтастықтар мен негізгі принциптерді анықтайтынын айтып:

"Каспий теңізінің ерекше жағдайына байланысты бұл теңіздің құқықтық режимі бұрынғы конвенциялардан бөлек әзірленіп, жүзеге асырылады. Каспий теңізі жағалауларына қатысты мамандардың көбірек сұхбаттасуын қажет ететін көптеген күрделі жайттар бар.

Қазақстандағы саммит барысында Каспий теңізінде бірде-бір шет мемлекетінің әскери және азаматтық кемелерінің өтуі мен әскери база құруға құқығы жоқ екендігі баса қуатталды. Каспий теңізі маңындағы бес ел басқа мемлекеттердің Каспий теңізі маңындағы кез келген мемлекетке басқыншылық жасау үшін өз теңізі, жері мен әуе кеңістігін пайдалануына рұқсат бермейді",- деп қуаттады.

 

Тегтер

Aug 13, 2018 17:41 Asia/Almaty
Сараптама