• Ғасеми: Трамп

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы АҚШ-тың Иран мен тағы да басқа елдерге қарсы салған санкциялары жайлы: "АҚШ президенті Дональд Трамп "санкция" салу ауруына шалдыққан сиықты. Себебі, Иранмен қоса, Түркия, Ресей және тағы да басқа мемлекеттерге санкциялық саясаттарын жүзеге асыруда. Бұл соңында АҚШ-ты жеңіліске ұшырататын заңсыз, қате және халықаралық ережелерге қайшы іс ",- деп баса айтты.

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми сейсенбі күні Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: "Халықаралық қауымдастық пен тіпті АҚШ-тың қоғамы бұл елдің үкімет басындағыларға бұзақылық пен біржақты айла-тәсілдерін жүзеге асыруға рұқсат бермейді. Өз елдерінің болмысын қорғап жатқан халықтардың жеңіске жететіні шәксіз",- деп мәлімдеді.

 

 

Тегтер

Aug 15, 2018 14:05 Asia/Almaty
Сараптама